jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облысында екі адам оқ жарақатын алды

    Ауруханада жатқан пациент
    Ауруханада жатқан пациент. Көрнекі фото: Virojt Changyencham/Getty Images

    Маңғыстау облысында атыс болып, салдарынан екі адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілдеде оқ жарақатын алған екі жігіт ауруханаға түскен.

    "Бұл фактіге қатысты кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның алдын ала мән-жайын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды", - деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.

    Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

    Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram