jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда дәмханалардың біріндегі жанжал кезінде ер адам пышақ жарақатын алды (видео)

    жанжал
    Жанжал. Видеодан кадр: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

    Алматыдағы дәмханалардың бірінде ер адамға пышақпен шабуыл жасалған. Ол мойнынан жарақаттанған. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған жанжал ауыр зардаппен аяқталды. Мойнынан пышақ жарақатын алған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды.

    Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде жасалған.

    Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. Ол – 32 жастағы ер адам. Болжам бойынша қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Алматыда дәмханалардың біріндегі жанжал кезінде ер адам пышақ жарақатын алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.