jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Таразда перзентханада кесарь тілігінен кейін жас босанған әйел көз жұмды

    Ана мен бала
    Ана мен бала. Фото: pixabay.com

    Таразда жас босанған келіншек қанға түскен қауіпті инфекциядан қайтыс болды. Облыстық перинаталды орталықта ота арқылы босанған әйелдің екі күннен кейін қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған. Он күннен астам ес-түссіз жатқан келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның туыстары бұл жайтқа дәрігерлер салғырттығы себеп болды деп айып тағып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Перзентханаға "өз аяғымен келіп, ауру тапты" деген марқұмның туыстары дәрігерлер отаны "салғырт жасаған" деп отыр. Олар айы күні жетіп тұрған әйелге ота жасауға ақша талап еткен деп айыптауда. Марқұмның туыстары науқастың денсаулығын ойламай, қаражат талап еткен перзентхана ұжымы "тиісті жазасын алғанын" қалайды.

    "Бұл жерден басқа жаққа мені тез алып кетші, үш күн сусыз жатырмын. Алып кетші, өлетін болдым. Аппаратта жатқанда жазып берді, өз қолымен, сөйлей алмағандықтын".

    Бұл —  Ұлбосын Қарасаеваның бір күн бұрын жолдасына жазып кеткен хаты. Облыстық перенитал орталықтың маңын торуылдап жүргеніне бір ай болған марқұмның туыстары соңғы сәтке дейін оның өмірден үмітін үзбегенін айтады. Олардың айтуынша, жүкті әйелді перзентханаға алдын ала алып келгенде, дәрігерлер өз күшімен босанады деп,  оны үйіне қайтарып жіберіпті. Алайда айы-күні жетіп, жүктіліктің 40 аптасынан асқан кезде дәрігерлер баланың "салмағы үлкен" деп, ота жасауға бағыттаған.

    Марқұмның жақындары дені сау әйелге қауіпті кесел "перзентханадан жұқты" деп отыр. Олар дүние есігін ашқан нәрестенің денсаулығы жақсы екенін айтады. Егер әйелдің жатырында қауіпті инфекция бұрыннан бар болса, сау бала босанбайтын еді дейді.

    "Өз аяғымен алып келдім, көлігіммен алып келіп кіргіздім, Жағдайы жақсы еді. Оған дейін төртеуін өзіміздің перзентханада өзі босанған. Бесіншісін кесір тілігіне жіберіп, осындай жағдайға түсті", - дейді марқұмның күйеуі Елдос Есеев.

    Қайғыдан қара жамылған отбасы өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкерлері "тиісті жазасын алсын" дейді. Ал облыстық денсаулық басқармасының мамандары ана өліміне қатысты істі тексеру үшін жұмыс тобы құрылғанын айтады.

    "Медицина және фармацевтиканы бақылау комитеті тарапынан тексеру жүргізіледі және Жамбыл облысы әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тергеп-тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылады. Ана өлімінің себебі туралы түпкілікті қорытынды сот-медицина сараптамасының нәтижелері алынғаннан кейін белгілі болады", - дейді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айжан Терлікбаева.

    37 жастағы келіншектің артында бес баласы қалды. Мұндай қайғылы оқиға биыл облыстық перинаталдық орталықта екінші мәрте тіркеліп отыр.

    Таразда перзентханада кесарь тілігінен кейін жас босанған әйел көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.