jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін мектеп маңындағы қоқысқа тастаған ер адам 14 жылға сотталды

    Қоқыс контейнерлері
    Қоқыс контейнерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ақтөбеде қоғамда кеңінен талқыланған қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Өзінің танысын өлтіріп, денесін ала сөмкеге салып, мектеп маңындағы қоқысқа тастаған 62 жастағы тұрғын 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    Оқиға 21 ақпанда болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталған азамат танысымен бірге өз үйінде ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, ер адам қонағына бірнеше рет пышақ сұққан. Соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Үш күннен кейін сотталушы марқұмның денесін қаладағы мектептердің бірінің маңындағы қоқыс алаңына тастап кеткен. Оны 11 наурызда аула сыпырушы тауып алған. 62 жастағы айыпталушы кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

    Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді.

    Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін мектеп маңындағы қоқысқа тастаған ер адам 14 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.