jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Стамбұлдағы қазақстандықтың өлімінен кейінгі арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    арнайы операция
    Арнайы операция. Видеодан кадр: polisia.kz

    ІІМ үш елдің аумағында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатуға бағытталған халықаралық арнайы операция жүргізілгенін мәлім етті, хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, Грузия, Түркия және Қазақстанның жолға қойылған байланыс арналары мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейінің арқасында Ыстамбұлда оқ жарақатынынан көз жұмған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс жедел түрде ашылды.

    Үш елдің полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қылмыс жасаған екі адам ұсталды. Қылмыстық істі тергеу барысында қылмыстың жасалу себебі, сондай-ақ кісі өлтіруді ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші анықталды.

    Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық ортаның өкілдері және халықаралық іздеуде жүрген. Алынған мәліметтер Ішкі істер министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, АҚШ-та журналисті өлтіруге оқталу дерегі үшін бас бостандығынан айырылған қылмыс әлемінің беделдісінің басшылығымен әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстан аумағында жасаған өзге де ауыр қылмыстарын ашуға ықпал етті.

    Алматы қаласында 2025 жылғы тамызда қала тұрғынын өлтіруге оқталған ұйымдасқан қылмыстық топтың киллерлерінің бірі ұсталды. Қылмыс құралы - тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

    "Қазақстан Ішкі істер министрлігі Түркия және Грузиядағы әріптестерімен өзара іс-қимыл аясында үш мемлекеттің аумағында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша кезең-кезеңімен арнайы операция жүргізді. Алматы қаласында аталған қылмыстық құрылымның мүшелері ұсталды. Оларға қару қолдану арқылы жасалған бірнеше шабуылға қатысы бар деген айып тағылуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

    Аталған қылмыстарды жасаудағы күдіктілердің көздегені - қылмыстық идеология элементтерін пайдалану арқылы диаспоралық топтардың жекелеген өкілдерінің бизнесіне ықпал ету.

    Грузия аумағында трансұлттық қылмыстық құрылымдармен байланысы бар және бірқатар ауыр қылмыстарға қатысы бар күдіктілер ұсталды.

    "Қазіргі уақытта белгілі болған барлық қылмыстық фактілер бойынша дәлелдерді жинау жалғасуда, қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып жатыр Топтың ұйымдастырушысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Қуандық Алпыс.

    Стамбұлдағы қазақстандықтың өлімінен кейінгі арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.