jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада тұрғын үйлер мен пәтерлерді тінту кезінде жалпы салмағы 20 кг есірткі тәркіленді

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласының полиция қызметкерлері елорда аумағында тұрғын үйлерде орналасқан төрт заңсыз фитозертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің пәтерлер мен жеке бөлмелерді арнайы жабдықтап, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге жағдай жасағаны анықталды.

    Олар арнайы сатып алынған техникалық құралдардың көмегімен өсімдіктердің өсуіне қажетті микроклиматты қолдан жасап отырған.

    Кей жағдайларда бұл мақсатта жеке пәтерлер, арнайы бөлінген бөлмелер, сондай-ақ тұрғын үйлердің қайта жабдықталған аумақтары, оның ішінде шкафтар мен оқшауланған орындар пайдаланылған. Аталған жерлерде жарықтандыру, желдету және ылғалдылықты реттеу жүйелері орнатылған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер заңсыз әрекетке қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстады. Тінту кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер, дайын есірткі құралдары және оларды өсіруге арналған арнайы жабдықтар тәркіленді.

    Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 20 келіге жуықтады. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Полиция құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындау, сақтау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

    Астанада тұрғын үйлер мен пәтерлерді тінту кезінде жалпы салмағы 20 кг есірткі тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.