jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сахнада "дипломын жыртып тастаған" алматылық түлек бес тәулікке қамауға алынды

    Жас жігіт сахнада "дипломын жыртты"
    Жас жігіт сахнада "дипломын жыртты". Видеодан кадр: instagram.com/almaty_typical

    Алматыда сахнада "дипломын жыртып тастаған" колледж түлегі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында TikTok платформасында қоғамда резонанс тудырған жарияланымды анықтаған.

    "Тексеру барысында Алматы қаласындағы жекеменшік колледждердің бірінің түлегі диплом табыстау салтанатынан кейін диплом мұқабасына ұқсас затты көпшілік алдында жыртып жатқан бейнежазбаны жариялағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

    Жүргізілген тексеру нәтижесінде дипломның түпнұсқасы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген түпнұсқа мұқабасы бүлінбегені анықталған. Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған.

    "Соған қарамастан жарияланған бейнеролик интернет желісінде кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызып, полицияның тексеруіне негіз болды.

    Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот оны бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

    Сахнада "дипломын жыртып тастаған" алматылық түлек бес тәулікке қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.