jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "43 өлшемді аяқ киім киген": қазақстандық талапкер ҰБТ-ға ерекше тәсілмен телефон алып кірмек болған

    ҰБТ тапсыратын кабинет
    ҰБТ тапсыратын кабинет. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Ұлттық тестілеу орталығы биылғы ҰБТ кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды алып өтудің түрлі амалын қолданғанын айтты, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, талапкерлер жыл сайын смартфон мен өзге де тыйым салынған заттарды жасырудың жаңа тәсілдерін ойлап табады.

    "Биыл смарт-көзілдірікпен тестілеуге кіруге әрекет жасалды. Сондай-ақ телефонды шашқа арналған резеңкенің ішіне жасырып әкелмек болғандар да кездесті. Ерекше жағдайлардың бірі — бойы аласа талапкердің 43 өлшемді аяқ киіммен келуі болды. Тексеру барысында аяқ киімнің ішіне смартфон жасырылғаны анықталды", — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

    Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді академиялық адалдық қағидаларын сақтап, тестілеуге тыйым салынған заттарды алып келмеуге шақырды.

    "43 өлшемді аяқ киім киген": қазақстандық талапкер ҰБТ-ға ерекше тәсілмен телефон алып кірмек болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.