Екібастұзда көршісін пышақтап өлтірген 28 жастағы әйел 17 жылға сотталды (видео)
Жарияланған күні:
Биыл қаңтар айында Екібастұзда көршісі мен күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты іс бойынша сот шешім шығарды. 28 жастағы әйел 17 жылға сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Оқиға қаңтар айында болған. Көршілер пәтерде ішімдік ішіп, артынша сөзге келіп қалыпты. Ашуға булыққан 28 жастағы әйел көршісіне пышақ жарақатын салған. Пәтерден қансырап қашып шыққан көршісін артынан қуып барып, тағы да бірнеше рет пышақ сұққан.
Оның бұл әрекеті үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ол қылмысын жасыру үшін көршісінің пәтеріне қайта кіріп, үйде ұйықтап қалған күйеуін пышақтап өлтірген. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Сот қылмыскерді 17 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.
"Азимова Евгений Николаевнаны ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабы 1-бөлігі, 99 баптың 2 бөлігі 3 тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Сот барлық мән-жайларды ескеріп оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады", - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2400596-ekibastuzda-korshisi-men-kuieuin-pyshaqtap-oltirgen-28-zhastagy-aiel-17-zhylga-sottaldy-video/