jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандағы орман өрті: өртті өшіруге 600-ге жуық адам, 7 тікұшақ, 148 техника жұмылдырылды

    Орман өрті
    Орман өрті. Фото: t.me/EcologyofQazaqstan

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен ТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде болып жатқан орман өртіне қатысты мәліметтер ұсынды. Бүгін, 16 шілдедегі кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өртті жүздеген адам сөндіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өртті жою жұмыстарына 600-ге жуық адам, 148 бірлік жерүсті техникасы және ЭТРМ, ТЖМ, ҰҚК, ҚМ, ІІМ және ЖАО-ның 7 тікұшағы жұмылдырылған.

    Әуеден сөндіру жұмыстары барысында 123 рет су төгу жүзеге асырылды, өрт ошағына 157 тонна су жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Өрт орнына Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов келді. Ведомство басшылары жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіріп жатыр.

    Айта кету керек, жағдай Қазақстан Республикасының премьер-министрінің жеке бақылауында. Оқиға орнында барлық тартылған мемлекеттік қызметтер жұмыс істеп жатыр.

    Қазіргі уақытта орман өртін толық жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

    Қазақстандағы орман өрті: өртті өшіруге 600-ге жуық адам, 7 тікұшақ, 148 техника жұмылдырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.