jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды

    Арнайы операция
    Арнайы операция. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды. Заңсыз кәсіпті ұйымдастырды деп күдікке ілінген адам қамауға алынған. Бұл туралы ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысты деп күдікке ілінген топтың қызметін тоқтатқан.

    "Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.

    Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылған.

    "Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр. Ұйымдастырушы қамауға алынды", - делінген хабарламада.

    Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram