jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    4 тонна алтын құрамды материал, 446 грамм алтын құймасы: Ақмола облысында заңсыз алтын өңдейтін цех анықталды

    Арнайы операция кезінде жасыры цех анықталды
    Арнайы операция кезінде жасыры цех анықталды. Кадр видеодан: ҚМА

    Ақмола облысында алтында заңсыз өңдейтін цех анықталды. Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатқан.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.

    "Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

    Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды. Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

    Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге жария етілмейді.

    4 тонна алтын құрамды материал, 446 грамм алтын құймасы: Ақмола облысында заңсыз алтын өңдейтін цех анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram