jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ақшасын 14 күнде береміз": Алматы облысында көлігін салон арқылы сатқысы келген 30-дан астам адам сан соғып қалды

    Көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында көлігін салон арқылы жылдам сатқысы келген 30-дан астам адам көлігінен айырылды. Олар орталық сан соқтырғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

    Алматы облысында көлігін автосалон арқылы сатқысы келген 30-дан астам адам машинасыз қалды. "Темір тұлпарды жылдам өткізіп, ақшасын 14 күнде береміз" деген орталық мүлікті атына аударып алғаннан кейін хабарсыз кетті, дейді олар. Шағымданушылардың айтуынша, автосалон көліктердің бірін ломбардқа кепілдікке қойса, енді бірін қолдан қолға өткізіп, ақырында жоғалтып тынған. Енді жаяу қалған жұрт полицияға арызданып жатыр.

    Көліксіз қалғандардың айтуынша, автосалон қызметкерлері машинаны лезде сатып, бағаны түсірмей өткізіп береміз деп қызықтырған. Соған сенген жұрт кілт пен құжатты тапсырып, ары қарай өзіміз реттейміз деген соң сатылымнан түскен ақшасын күтеді. Осылайша бірі нарықтағы құны 3 миллион теңге "Мерседесін", бағасы 20 миллион теңгеден асатын "Тойотасын" автосалон қызметкерлерінің атына ойланбастан ауыстырғанын айтады.

    "Міне салонның алдында тұрмыз. Ешкім жоқ. Қаншама адам тұр. Не істерімізді білмейміз. Кейбірі 60 миллионын, бірі 8 миллионын қайтара алмай жүр. Енді кім жауап береді бұл нәрсеге?", - дейді жәбірленуші Айдын Жұмабеков.

    Тағы бір жәбірленуші келісім шарт қолда екенін, алайда көліктің ақшасын ала алмай отырғанын айтады.

    "Келісім шарт бәрі бар. Ақшасы жоқ. Біз кезінде көлікті 8 миллионға сатып алып, одан төмен бағаға саттық. 6 миллион теңгеге. Соны да ала алмай отырмыз. Сол ақша да жоқ. Күнде айтатыны: "Ертең, ертең, осы күні болып қалады" деді. Қазіргі уақытта сатылып кеткен уже, қайда екенін білмейміз", - дейді Азиза Абдухаимова.

    Телеарна дерегінше, бүгінде автосалон кеңсесінде қызметкерлері көрінбейді. Бірақ ішінде бірнеше көлік тұрғаны байқалады. Мекеме басшысы қайда екені белгісіз. Ал компанияның картадағы мекенжайында қызметі тоқтаған деп көрсетілген. Байланыс телефонына қоңырау бармайды. Шағымданушының бәрі Қарасай ауданының полициясына жаппай арыз қалдырып, автосалон қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етіп жатыр. Олар көлікті, не сатылымнан түскен ақшаны толық көлемде өндіріп алмақшы. Әзірге құзырлы органдар арызданушылар қатары күн сайын көбеюіне байланысты оқиға бойынша ресми жауап бермеді.

    "Ақшасын 14 күнде береміз": Алматы облысында көлігін салон арқылы сатқысы келген 30-дан астам адам сан соғып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.