jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алакөлге демалуға барған 69 жастағы зейнеткер екі аяғынан айырылды

    Алакөл
    Алакөл көлі. Фото: Абай облысының әкімдігі

    Жетісуда Алакөлге демалуға барған 69 жастағы әйел екі аяғынан айырылды. Оқиғаға қатысты өңір полициясы және ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қайғылы жайт туралы ақпарат Instagram-дағы krisp.tdk паблигінде жарияланды. Жазбада 69 жастағы әйел Алакөл жағалауында артқа қарай жылжыған катердің астына түсіп кеткені жазылған.

    Өңірлік ТЖД дерегінше, 2026 жылғы 16 шілдеде Алакөл ауданы Көктума ауылындағы Алакөл көлінің жағалауында катер шомылуға болмайтын жерге суға түскен адамды соғып кеткен.

    Оқиға салдарынан зейнеткер зардап шеккен. Зардап шеккен әйелдің екі аяғының төменгі бөлігіне ампутациясы жасалып, ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылған.

    Ал өңірлік ПД Алакөл көлінің жағалауындағы оқиға бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

    Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    "Полиция шағын көлемді кеме иелерін су көлігін пайдалану кезінде, әсіресе азаматтардың бұқаралық демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ал демалушыларды өте сақ болуға және судағы сақтық шараларын ұстануға шақырады", — деп атап өтті тәртіп сақшылары.

    Алакөлге демалуға барған 69 жастағы зейнеткер екі аяғынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.