jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырауда 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

    Күдіктіні ұстау
    Күдіктіні ұстау. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Атырауда жергілікті тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицейлер тінту кезінде одан 2,2 миллион теңге тәркілеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Атырау облыстық ПД-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Индер ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстаған.

    Ол тағы бір 35 жастағы Атырау тұрғынынан 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

    "Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын мәлім етті.

    Атырауда 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.