jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    СҚО-да ер адам әжесін пышақтап өлтірді (видео)

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    СҚО-да 31 жастағы ер адам жантүршігерлік қылмыс жасады. Ол өзінің әжесін пышақтап өлтірген. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

    Телеарна дерегінше, оқиға Есіл ауданында болды. 31 жастағы ауыл тұрғыны тапа тал түсте бірге тұрған әжесімен ішімдік ішкен. Артынша ол қариямен жанжалдасып, оған пышақ сұққан. Зейнеткердің мерт болғанын бірнеше сағаттан оның туысқандары байқап, полицияға жүгінген. Қазір тәртіп сақшылары іс қозғап, оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатыр.

    "Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрмыстық жанжал барысында 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелге пышақ жарақатын салып, салдарынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

    СҚО-да ер адам әжесін пышақтап өлтірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.