jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бангкоктен елге екі чемоданды жеткізуге келіскен қазақстандық бойжеткен 16 жылға сотталды

    Бангкок көрінісі
    Бангкок көрінісі. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапқан.

    "Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді.

    Прокуратура ескертеді: әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар кқп жағдайда халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болып саналады. Қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Бангкоктен елге екі чемоданды жеткізуге келіскен қазақстандық бойжеткен 16 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.