Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге сот үкім кесті
Жарияланған күні:

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғындыққа барған ол енді қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Сот отырысы жабық форматта өтті. Екінші сынып оқушысының зорланғаны туралы алғаш оның анасы арыз түсірген. Ойын баласына өз туысы азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық сотының хабарламасында.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2402903-zhambyl-oblysynda-segiz-zhasar-qyzdy-zorlagan-pedofilge-sot-ukim-kesti/
