Хромтауда танысын өлтіріп, басын мұздатқышқа жасырған қылмыскер сотталды
Жарияланған күні:

Хромтауда із-түссіз жоғалған адамның басы мұздатқыштан табылды. Тергеу барысында айыпталушылардың бірі кісі өлтіргенін мойындап, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмысты жасырған екінші адам 4 жылға сотталды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Оқиға былтыр 11 қазанда болған. Полицияға жергілікті тұрғын жұбайының бір аптадан бері үйіне оралмай, байланысқа шықпай жүргенін айтып арызданған. Хабарлама түскен бойда жедел-тергеу тобы құрылып, жоғалған азаматтың туыстары, таныстары, көршілері мен әріптестері сұралды.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер жоғалған азаматтың екі танысына шыққан. Тергеу мәліметінше, бұлтартпас дәлелдерден кейін күдіктілер кінәларын мойындаған.
"Сот үкіміне сәйкес, сотталушы "Б" Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы" Л" Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Жансая Тайырова.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2402933-hromtauda-tanysyn-oltirip-basyn-muzdatqyshqa-zhasyrgan-qylmysker-sottaldy/
