Медбикеге қол көтерген СҚО тұрғыны сотта жазасын алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
СҚО тұрғыны жедел жәрдем медбикесіне шабуыл жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап.
Істі Шал ақын ауданының ауданаралық соты қарады. Күдіктіне Қазақстан Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы 3-бөлігі (Қызметтік міндеттерін атқару үстіндегі медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.
️Сот анықтағандай, 2026 жылғы 23 маусымда сағат 12:00 шамасында СҚО Шал ақын ауданы Ұзынжар ауылының маңында сотталушы Н. мас күйінде өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген медицина қызметкері А.-ға қатысты қасақана зорлық-зомбылық қолданған.
️Н. жәбірленушінің оң жақ тұсынан аяқпен бір рет және іш тұсынан бір рет соққы жасап, сондай-ақ оның екі білегінен қос қолдап ұстап, дене жарақатын салып, физикалық ауырсыну келтірген.
Құқық бұзушының заңсыз әрекеттерін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Сотталушының кінәлі екендігі қылмыстық іс материалдары, жиналған дәлелдемелер, сондай-ақ Н.-ның өз кінәсін мойындау туралы айғақтары негізінде толық дәлелденді.
️Сот шешімі
Сот үкіміне сәйкес, Н. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеу арқылы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2403112-medbikege-qol-kotergen-sqo-turgyny-sotta-zhazasyn-aldy/
