Қостанай облысында пәтерден ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2403375-qostanai-oblysynda-paterden-er-adamnyng-denesi-tabyldy/
