jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    16 адам ұсталды: Қарағандыда супермаркет маңындағы төбелеске полиция араласты

    Қарағандыда 16 адам ұсталды
    Қарағандыда 16 адам ұсталды. Фото0: "Астана" телеарнасы

    Қарағанды қаласындағы бір супермаркеттің жанында жастар тобы жиналып, олардың арасында қақтығыс шығуы мүмкін деген хабарлама полицияға түскен. Оқиға орнына барған полицейлер 16 адамды ұстады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермей, құқыққа қайшы әрекеттің алдын алған.

    Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада бірнеше адамның супермаркет жанындағы асфальтта жатқаны, ал олардың қасында арнайы жасақ қызметкерлерінің тұрғаны көрінеді.

    Барлық мән-жайды анықтау мақсатында аумақтық полиция бөліміне 16 адам жеткізілген. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданбақ.

    Қарағанды облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттің ерекше бақылауда екенін еске салады. Полиция мұндай хабарламаларға болашақта да жедел түрде әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдана беретінін мәлімдеді.

    16 адам ұсталды: Қарағандыда супермаркет маңындағы төбелеске полиция араласты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.