Жамбыл облысында жүк вагоны адам қағып кетті (видео)
Жарияланған күні:

Жамбылда жүріп келе жатқан жүк вогонының астанда адам қалып қойды. Өткелден өтпек болған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Оқыс оқиға осыдан үш күн бұрын болсада аудандық ауруханада жатқан әйел әлі есін жимаған.
Жағдай Шу станциясының бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Мұнда пойыз емес жалғыз жүріп келе жатқан жүк вогонын байқауға болады. Қас қарайып қалған сәтте жаяу жүргіншілерге арнап жасалған жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетеді. Қазір теміржол көлігін пайдалану және жүріс ережесін бұзу бойынша көлік полициясы қылмыстық іс қозғалған.
Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал вагон астында қалған әйел алған көп жарақатына байланысты бүгінгі күнге дейін реанимация бөлімінде протокол бойынша ем алып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2403401-zhambyl-oblysynda-zhuk-vagony-adam-qagyp-ketti-video/
