jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған туысы өмір бойын түрмеде өткізеді

    түрме
    Түрме. Иллюстрациялық фото: Hans Neleman/Getty Images

    Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды. Оқиға Сарысу ауданында болған. Қаршадай қызға қастандық жасаған өзінің жақыны болып шыққан. Ол өмірін енді түрмеде өткізеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Сотталған ер адам Wi-fi кодын сұрау үшін туысының үйіне кірген. Сол сәтте қыздың анасы үлкен ұлы мен қызын ертіп шаруаларымен қалаға шығып кеткен екен. Кіші қызын көзі көрмейтін қарт атасымен қалдырыпты. Сол сәтте үй ішіне енген ер адам 8 жасар қыздың ойнап отырғанын көріп үйде басқа ересектер жоқ екеніне көз жеткізген соң жымысқы ойын жүзеге асырған. Анасы келгенде кызы бар шындықты жайып салған. Осылайша әйел бірден қызының зорланғаны туралы арыз түсірген. Күдіктінің ісі толықтай дәлелденіп, сот отырысы жабық форматта өтті. Енді ол өмірінің соңына дейін темір торда отырады.

    "Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп пікір білдірді Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотынің өкілдері.

    Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған туысы өмір бойын түрмеде өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.