jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы метросында пышағы бар қазақстандық ұсталды (видео)

    "Райымбек" станциясында пышақпен ұсталған күдікті
    "Райымбек" станциясында пышақпен ұсталған күдікті. Кадр видеодан: instagram.com/almaty.police

    Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылды. Заттар тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Райымбек" станциясында полиция қызметкерлері мен көліктегі қауіпсіздік қызметінің мамандары бірлесіп тексеру жүргізді. Рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен арнайы құрал – кісен анықталды.

    Ер адам ұсталып, одан әрі мән-жайды анықтау үшін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріп жатыр.

    Алматы метросында пышағы бар қазақстандық ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.