Семейде екі бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Семейде бір күнде екі кішкентай бала терезеден құлады, олардың біреуі көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте Семейдің Қарағайлы шағын ауданында кішкентай балалардың терезеден құлауына байланысты екі бірдей жазатайым оқиға орын алған.
Бірінші жағдайда 2 жасар бала алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Алған жарақаттарының салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.
Екінші жағдайда 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Ол ауруханаға жатқызылды және қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.
Болған қайғылы оқиғаларға байланысты Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды дереу күшейтті. Кешкі уақытта полицейлер тұрғын үй аудандарын аралап, дауыс зорайтқыштар арқылы тұрғындарды кішкентай балаларды, әсіресе терезесі ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2403707-semeide-eki-bala-terezeden-qulap-bireui-qaitys-boldy/
