jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Баспанасы жоқ адамдарды ұрлап, атына көлік рәсімдемек болған: Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

    Адам ұрлығы
    Адам ұрлығы. Фото: pixabay.com

    ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Самат Күсетов Қазақстандағы адам саудасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Самат Күсетов жыл басынан бері полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмысты анықтағанын атап өтті.

    "Сондай-ақ екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Мәселен Алматыда қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Олардың заңсыз әрекеті баспанасы жоқ адамдарды іздеп, оларды құрбан ретінде тартуға, кейіннен Алматы, Астана және Шымкент қалаларында олардың атына қымбат көліктерді рәсімдеу үшін несие тарихын жақсартуға және оларды сатуға бағытталған", - деп қосты ол.

    Оның айтуынша, бүгінгі таңда негізгі ұйымдастырушылар ұсталды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Баспанасы жоқ адамдарды ұрлап, атына көлік рәсімдемек болған: Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.