jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "1 бала бөбектер үйіне орналастырылды": адам саудасының құрбаны болған 15 адамға көмек көрсетілді

    Көрнекі фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда адам саудасына қарсы 2027-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Самат Құсетов айтып берді, деп хабарлайды kazinform.kz.

    "Сонымен бірге Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен адам саудасының құрбандарын анықтау және оларға қажетті көмек көрсету үшін тиісті ұйымдарға жолдау жөніндегі стандартты операциялық рәсімдер әзірленді. Ал ЕҚЫҰ кеңсесінің қолдауымен адам саудасының белгілері мен осы мәселе туралы ақпараттық материалдар дайындалды", - деді Құсетов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде.

    ЕҚЫҰ кеңсесінің қолдауымен ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның консулдықтары мен елшіліктері қызметкерлеріне, сондай-ақ қалалық адвокаттар алқаларының адвокаттарына арналған онлайн-тренингтер ұйымдастырылды.

    Бас прокуратура мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп, ауылдық жерлерде еңбек қанауына жол бермеу және мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді.

    Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау үшін полиция мен әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

    "Жалпы, қайта бағыттау тетігі аясында адам саудасының 15 құрбанына көмек көрсетілді. Оның ішінде 11 адамға адвокаттардың құқықтық кеңесі берілсе, 3 жәбірленушіге арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылды, ал 1 бала бөбектер үйіне орналастырылды. 29 жәбірленуші мемлекеттік қорғауға алынды", - деді спикер.

    "1 бала бөбектер үйіне орналастырылды": адам саудасының құрбаны болған 15 адамға көмек көрсетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.