jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Көзінен айыра жаздады": Түркістан облысының тұрғыны күйеуін оқтаумен аяусыз ұрды деп айыпталды

    Әйелдің жұдырығы
    Жұдырық. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Түркістан облысының полициясы күйеуін ұрды деп айыпталған әйелге қатысты қорғау нұсқамасын шығарды. Бұған дейін ұрып-соғу туралы ақпарат желіде тараған болатын.

    "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында әйелі аяусыз соққыға жыққанына шағымданған Түркістан облысының тұрғыны жөнінде видео жарияланды.

    "Ер адамның айтуынша, отбасылық жанжал кезінде әйелі оны оқтаумен ұрып, көзінен айыра жаздаған. Жәбірленуші болған оқиғаны баяндаған сәтін видеоға түсірген.

    Ол полиция шақырғанын, алайда ешкім келмегенін айтып отыр. Кейін ер адам ауруханаға жеткізіліп, сол жерде арыз жазған. Жәбірленушінің туыстары мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ деп мәлімдеп, әйелді жауапқа тартуды талап етіп отыр", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап берген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрмыстық сипатта болған. Жәбірленуші әйелімен татуласқанын, ешқандай талап-арызы жоқтығын айтып, сараптамадан өтуден бас тартты.

    Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әйелге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп жауап берді ПД өкілдері.

    Бұл жайтқа қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

    "Көзінен айыра жаздады": Түркістан облысының тұрғыны күйеуін оқтаумен аяусыз ұрды деп айыпталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.