Жүздеген пакет табылған: Орал тұрғыны есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:

Оралдық тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысты деген күдікпен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Жеке тінту барысында күдіктіден ерекше иісі бар ақ зат салынған жүздеген пакет табылыпты. Бұл заттың салмағы 510 грамнан асатын мефедрон екенін сот-химиялық сараптамасы да растады. Осыдан кейін полиция күдіктінің пәтерін тексерді. Бұл жерден де есірткі дайындауға керек құралдың бәрі табылған.
Күдікті енді 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал полицейлер мұндай "бизнестің" болашағы жоқ екенін ескертеді.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді БҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Алима Ғарифуллина.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2403941-zhuzdegen-paket-tabylgan-oral-turgyny-esirtki-satumen-ainalysty-degen-kudikke-ilindi/
