jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да отбасына шабуыл жасалды: белгілі кәсіпкер әйелді өз үйінде өлтіріп кетті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: ШҚО ПД

    Шығыс Қазақстан облысы Белоусовка кентінде белгілі кәсіпкер әйелдің отбасына шабуыл жасалды. Салдарынан әйел қаза тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 23 шілдеде Белоусовка кентінде белгісіз біреулер жеке үйге басып кіріп, отбасына шабуыл жасаған.

    Оқиға салдарынан жергілікті кәсіпкер мерт болған, ал оның күйеуі жарақатпен Өскемендегі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы орташа ауыр.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйелді тұншықтырып өлтіруі мүмкін. Шабуыл жасалған сәтте үйде ерлі-зайыптының немерелері болған, олар зардап шекпеген.

    ШҚО ПД NUR.KZ тілшісіне 23 шілдеде Белоусовка кентінде аса ауыр қылмыс жасалғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    "Цифрлық құралдарды қолдану және азаматтардың көмегі арқасында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар өңірден тыс жерге қашып кетпек болған кезде ұсталды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған. Өзге ақпарат жарияланбайды.

    ШҚО-да отбасына шабуыл жасалды: белгілі кәсіпкер әйелді өз үйінде өлтіріп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.