jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    28 жастағы қазақстандық криптовалютамен заңсыз операция жүргізгені үшін екі жылға сотталды

    Криптовалюта
    Криптовалюта. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Қостанай облысының тұрғыны криптовалютамен заңсыз операциялар жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ одан мемлекет кірісіне 1,9 млрд еңге өндіріп алынған. Бұл туралы өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, 2026 жылғы 14 шілдеде Қостанай облысының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енген.

    Ол цифрлық активтердің заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру (жылыстату) бойынша кінәлі деп танылған.

    Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен, сондай-ақ цифрлық активтерді шығару, олардың айналымы және цифрлық майнингпен байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салған.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында сотталған адамның 2020-2024 жылдар аралығында тиісті рұқсатсыз Binance платформасында P2P форматында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу-сату бойынша заңсыз қызметті ұйымдастырғаны анықталған.

    Қаржылық операцияларды жүргізу үшін сотталған азаматтың өзіне, оның туыстары мен басқа да тұлғаларға рәсімделген банк шоттары пайдаланылған.

    Құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде ол жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Қаражаттың қылмыстық шығу тегін жасыру мақсатында оларды екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырған.

    Облыс прокуратурасының талап-арызы бойынша сот сотталған адамнан мемлекет пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам соманы өндіріп алған.

    Сонымен қатар сот мемлекет пайдасына 13,4 миллион теңге сомасына ақшалай қаражатты, 2 жеңіл автокөлікті және 7,9 мың АҚШ доллары сомасына цифрлық активтерді тәркілеген.

    28 жастағы қазақстандық криптовалютамен заңсыз операция жүргізгені үшін екі жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.