jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Иесі алдыңғы орындықта жатқан: Көкшетауда өзгенің көлігін айдап әкетпек болған тұрғын ұсталды

    Көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Көкшетауда полицейлер өзгенің көлігін айдап әкетпек болған адамның жолын кесті. Бір қызығы, қылмыс жасалып жатқан уақытта көлік иесі салонда ұйықтап жатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, түнде Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны дәмханада демалғаннан кейін мас күйінде бейтаныс адамның Changan CS75 Plus көлігін айдап әкеткен.

    Таңғаларлығы, сол сәтте көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

    Күдікті көлікпен небәрі 10 метрдей қашықтықты еңсерген, содан кейін оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.

    Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның әрекеті "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу (айдап әкету)" бабы бойынша қарастырылып жатыр.

    Тергеу амалдары жүргізілуде.

    Иесі алдыңғы орындықта жатқан: Көкшетауда өзгенің көлігін айдап әкетпек болған тұрғын ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.