Алматыда төбелес болып, бір адам пышақ жарақатын алды
Жарияланған күні:

Алматыда болған төбелес кезінде бір жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Полиция зардап шеккен азаматты анықтап, жедел іздестіру барысында оқиғаға қатысы бар деген күдікпен алты адамды ұстады. Кейбірінен заттай дәлелдемелер тәркіленген. Күдіктілер Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, қатысушылардың әрқайсысының рөлін, сондай-ақ пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2404724-almatyda-tobeles-bolyp-bir-adam-pyshaq-zharaqatyn-aldy/
