Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:

Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Оқиға "Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент" республикалық маңызы бар автомобиль жолында болған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Апат сол маңдағы май құю бекетінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жеңіл көлік жүргізушісі тілге келместен көз жұмған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2404733-qyzylordada-avtobus-pen-zhengil-kolik-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty-video/
