jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Екібастұзда қоқыс алаңынан әйел адамның дене бөліктері табылды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: Almaty TV News

    Екібастұзда қоқыс алаңынан әйел адамның дене бөліктері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, адам сүйегі салынған қап Әуезов көшесінде табылған. Қазір күдікті қамауға алынып, жантүршігерлік жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

    Айта кетейік, желі қолданушыларының сөзінше, бұған дейін құтқарушылар пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітті тапқан. Сондықтан қоқысқа тасталған дене бөліктері сол марқұмға тиесілі болуы ықтимал.

    "Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", – деді Полиция басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Қайроллаев.

    Екібастұзда қоқыс алаңынан әйел адамның дене бөліктері табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.