jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте экскаватор басып кеткен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатып көз жұмды

    Жансақтау бөлімі
    Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Шымкентте айналма жол құрылысы кезінде экскаватор басып кеткен жұмысшы қаза болды. Ауыр жарақат алған 54 жастағы қызметкер бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып жан тапсырған, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

    Қайғылы оқиға 21 шілдеде Шымкент қаласындағы Бәйдібек би мен Төлеметов көшесінің қиылысында болды. Түскі үзіліске шығып бара жатқан Әбдіхан Сүлейменді экскаватордың жүргізушісі абайсызда басып кеткен.

    Құрылыс компаниясының екі жұмысшымен де еңбек келісімшарты жасалмаған. Қазір полиция департаменті мен еңбек инспекциясы жанынан арнайы комиссия құрылып, істің мән-жайын анықтауға кірісті.

    Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп пікір білдірді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

    Шымкентте экскаватор басып кеткен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатып көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.