jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Басы жарылған: Павлодарда жас анаға әлдебіреу жоғарыдан мұз кесегін лақтырған (видео)

    Павлодардағы оқыс жайт
    Павлодардағы оқыс жайт. Скриншот видеодан: instagram.com/qumash_kz

    Павлодарда үйдің жанынан өтіп бара жатқан жас ананың басына әлдебіреу жоғарыдан мұз кесегін лақтырған. Полиция денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кінәлі тұлға іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды kazinform.

    Облыс орталығында Назарбаев даңғылы6 № 157 үйдің жанымен өтіп бара жатқан жас ананың басына әлдебіреу жоғарыдағы терезеден мұз кесегін лақтырған. Ауыр заттың салдарынан әйел адамның басы жарылған. Бейнежазба жергілікті әлеуметтік желіде пайда болды.

    Бір қызығы, бұл оқиға 8 шілде күні болғанымен, аталған жайт үшін ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шегушінің туыстары әлеуметтік желіде әйелдің басын жарған адамды өздері іздеуге мәжбүр екенін жазған. Полиция органдары әлеуметтік желідегі жазбалардан соң ғана мәселеге көңіл аударған.

    "Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, зерделеді. Куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді. Бейнежазбада жәбірленушінің үстіне заттың құлаған сәті тіркелген. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жайтқа қатысы бар тұлғаны анықтау, оны заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

    Басы жарылған: Павлодарда жас анаға әлдебіреу жоғарыдан мұз кесегін лақтырған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.