Үш адам көз жұмған: Қостанайда көлік жөндеу орталығындағы жарылысқа кінәлі азамат сот залынан босатылды
Жарияланған күні:

Қостанайда көлік жөндеу орталығындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсанында Амангелді тұрғын үй алабында болған. Төтенше жағдайдан кейін ғимарат опырылып, үш адам қаза тапса, бірнеше адам ауыр жарақат алған еді. Сот апатқа тексеру мерзімі өтіп кеткен газ жабдығы бар көлік себеп болғанын анықтап, ғимарат иесін кінәлі деп таныды. Алайда оны жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, күдікті сот залынан босатылды.
Сонымен қатар жәбірленушілердің 30 миллион теңгеден астам өтемақы өндіру туралы талаптары қанағаттандырылды.
"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 104-бабы 2-бөлігі, 114-бабы 3-бөлігі және 204-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, ол жазадан босатылды", – деді № 2 қалалық сотының судьясы Олжас Баяқов.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2404793-ush-adam-koz-zhumgan-qostanaida-kolik-zhondeu-ortalygyndagy-zharylysqa-kinali-azamat-sot-zalynan-bosatyldy/
