ҰҚК Алматы, Шымкент қалаларында және 8 өңірде 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіледі (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы, Шымкент және Қазақстанның 8 өңірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, биыл шілдеде Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іс-шараларды полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған.
Оның барысында барлығы 31 бірлік қару, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленген.
ҰҚК қазір жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2404951-uqk-almaty-shymkent-qalalarynda-zhane-8-oblysta-31-qaru-men-278-oq-dari-tarkiledi-foto/
