jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды

    Нұрлан Серғалиев
    Нұрлан Серғалиев. Фото: wku.edu.kz

    Желіде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҰҚК пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылғы 21 шілдеде "М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Серғалиевті БҚО бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстағанын растады.

    "Тергеу және басқа да процестік шараларды жүргізуге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады.

    Университет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсетіп жатыр.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен "М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректорының міндетін атқарушы болып басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжахан Қайсағалиева тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.

    ҰҚК NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

    М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.