"Жора Ташкентский": ТМД елдеріне танымал қылмыс әлемінің авторитеті Мысырдан ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өзбекстан ІІМ "Жора Ташкентский" деген лақап атпен белгілі қылмыскер Георгий Сорокиннің ұсталғанын хабарлады, деп жазады Gazeta.uz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, бұған дейін Интерпол арқылы іздеуде болған 54 жастағы Георгий Сорокин Мысырдан Өзбекстанға экстрадицияланған. ІІМ оның "Жора Ташкентский"және "Сорока" лақап аттары арқылы танымал екенін хабарлады. Ол 1990 жылдан бері ТМД елдері аумағында жасаған қылмыстары үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.
Полиция дерегінше, Өзбекстанда туған, қазір Ресей азаматыы саналатын ол соңғы жылдары Дубайда тұрған. ІІМ мәліметінше, одан Ресей Федерациясының жалған паспорты табылған. Ол бұл құжатты көп жылдар бойы түрлі елге саяхаттау үшін пайдаланып келген.
"2021 жылы Ташкентте ол сыбайластары Жұмаев, Жураев және басқалармен сөз байласып, жалпы құны 350 мың АҚШ долларын құрайтын екі үйді иемденіп алған. Ол бопсалау жолымен үй иесін қорқытып, оны ұрып-соғып, отбасы мүшелеріне күш көрсеткен. Үйлерді өз сыбайластарының атына рәсімдеген", - деп атап өтті ІІМ.
Сорокинге қатысты "аса ірі көлемдегі бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл бап Өзбекстанда 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
"Хабарламада ол алғаш рет 1990 жылы, 18 жасында қылмысқа барғаны айтылған. Сол кезде ол 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейіннен Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және басқа да ТМД елдерінің аумағында жасаған қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген. Ол қарақшылық, тонау, бопсалау, сондай-ақ қару мен есірткіні заңсыз сақтау секілді заңбұзушылық жасаған", - деп жазады басылым.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2405184-zhora-tashkentskii-tmd-elderine-tanymal-qylmys-alemining-avtoriteti-mysyrdan-ustaldy/
