jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    84 жастағы әжені соққыға жыққан: Алматы тұрғыны тәртіп сақшыларына күдіктіні ұстап берді

    Алматы тұрғыны Роман Алексеевичке марапатты табыстау сәті
    Алматы тұрғыны Роман Алексеевичке марапатты табыстау сәті. Фото: polisia.kz

    Алматыда Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында ер адам 84 жастағы қарт әжеге шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін жұлып әкеткен. Бұл оқиғаға куә болған алматылық қартқа көмекке келіп, қылмыскерді ұстап, тәртіп сақшыларының қолына тапсырған. Аудандық полиция басқармасы оның әрекетіне алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады, деп жазады Polisia.kz.

    Алматыда қарт әйелді соққыға жығып, тонап кеткен күдіктіні ұстауға көмектескен 25 жастағы қала тұрғыны марапатталды. Азаматтың қырағылығы мен белсенді азаматтық ұстанымын жоғары бағалаған Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оған алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

    Оқиға 20 шілдеде кешке Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында болған. Тергеу мәліметінше, белгісіз ер адам 84 жастағы әйелге шабуыл жасап, оның бетінен ұрып, ақшасы мен телефоны салынған сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген.

    Оқиғаның куәгері болған Роман бір сәт те ойланбастан, басқа азаматтармен бірге күдіктінің соңынан қуып, полиция қызметкерлері келгенге дейін оны ұстауға көмектескен.

    84 жастағы әжені соққыға жыққан: Алматы тұрғыны тәртіп сақшыларына күдіктіні ұстап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.