jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қатты ыстық пен қапырық": Қостанайда 14 жастағы жасөспірім ұйықтап жатқан жерінде көз жұмды

    Аурухана палатасы
    Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Желіде Қостанайдағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Аталған дерек бойынша қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, 28 шілдеде күндіз 14 жастағы мүгедектігі бар жасөспірім ұйықтап жатқан жерінде көз жұмған.

    "Интернат қызметкерлерінің айтуынша, баланың жүрегі тоқтап қалған. Олар баланың жағдайы орталық бөлмелеріндегі қатты ыстық пен қапарықтан нашарлап кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

    Сонымен қатар өлімнің нақты себебі тек медициналық зерттеулер мен оқиғаның барлық мән-жайын объективті тексеру нәтижелері бойынша анықталуға тиіс", - делінген жазбада.

    Қостанай облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты полиция тексеруді бастағанын хабарлады.

    "Қажетті процессуалдық әрекеттер жасалып жатыр, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

    "Қатты ыстық пен қапырық": Қостанайда 14 жастағы жасөспірім ұйықтап жатқан жерінде көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.