Алматыда заңсыз онлайн-трансляциялар жүргізетін пәтер анықталды (видео)
Жарияланған күні:

Алматыда вебкам-студияның заңсыз қызметі тоқтатылды. Алматы қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында интимдік сипаттағы ақылы интернет-трансляциялар жүргізуге жабдықталған пәтерді анықтады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
"Полиция қызметкерлері барған кезде пәтерде онлайн-трансляцияға қатысқан қыз бен студияның әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді. Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құралдары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз студияның қызметін ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер цифрлық кеңістікте толық анонимділік жоқ екенін ескертеді. Интернеттегі кез келген заңсыз әрекет ерте ме, кеш пе құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2405576-almatyda-onlain-transliatsiialar-zhurgizetin-pater-anyqtaldy-video/
