jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды

    көлігімен суға кірген жүргізуші
    Көлігімен суға кірген жүргізуші. Видеодан кадр: youtube.com/PolisiaKz

    Алматы облысындағы Балқаш көлінде шомылып жүрген адамдарға қарамастан көлігімен суға кірген жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы мен суында көлік жүргізген 40 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісін анықтаған.

    Бұл уақытта мұнда адамдар, соның ішінде балалар демалып, шомылып жүрген.

    "Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген", - делінген хабарламада.

    Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

    Естеріңізге сала кетейік, оқиға Балқаш көліндегі Үлкен ауылының жағажайында болған. Жүргізушінің бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

    Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.