jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таразда дрифт жасаған BMW жүргізушісі қамауға алынды (видео)

    Дрифт жасау
    Дрифт. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Тараз көшелерінің бірінде дрифт жасаған BMW жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы арнада жарияланған мәліметке сүйенсек, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзу дерегін анықтаған.

    "Белгілі болғандай, қала көшелерінің бірінде 22 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірген, түнгі тыныштықты бұзып, жол жабынына зақым келтірген.

    Құқық бұзушы сот шешімімен кінәлі деп танылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Полиция ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында дрифт жасау – қызық көрініс емес, бұл айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылық екенін еске салады.

    "Мұндай әрбір дерек жедел түрде анықталып, кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - ескертті полиция өкілдері.

    Таразда дрифт жасаған BMW жүргізушісі қамауға алынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.