Алматы облысында жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының жазуынша, Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашқан.
Күдіктілерді анықтауда Жедел басқару орталығының қызметкерлері шешуші рөл атқарған. Олар зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүріп өткен бағытын жедел қалпына келтіріп, жеке басын анықтаған.
Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің жүруі мүмкін бағыттарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын дереу талдауға кіріскен.
ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адамның жеке басы анықталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2406566-almaty-oblysynda-zhanarmai-quiu-beketine-zhasalgan-qaraqshylyq-shabuyl-videoga-tusip-qaldy/
