Той кортежі: Түркістан облысында 8 автокөлік айып тұрағына қойылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркістан облысында полиция үйлену тойы кортежінің жүргізушілерін жауапқа тартты – көліктер айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағында үйлену тойы кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтаған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер анықталған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 көлік мамандандырылған айыптұраққа қойылған.
Құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын және маневр жасау ережелерін бұзу, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын заңсыз пайдалану, сондай-ақ авариялық жағдай туғызу фактілері бойынша әкімшілік шаралар қабылданған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2406586-toi-kortezhi-turkistan-oblysynda-8-avtokolik-aiyp-turagyna-qoiyldy-video/
