jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада мас күйде көлік ішінен оқ атқан ер адам ұсталды (фото)

    Ұсталған ер адам
    Ұсталған ер адам. Фото: Астана қалалық ПД

    Астана тұрғыны мас күйінде көлік ішінде отырып, дабыл тапаншасынан аспанға оқ атты. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астанада 29 жастағы ер адам қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқаны үшін жауапқа тартылды. Полицияның мәліметінше, ол көлік салонында отырып, аспанға екі рет оқ атқан.

    "Құқық бұзушылық жасаған сәтте ер адам мас күйде болғаны анықталды", - деп хабарлады полиция департаменті.

    Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды заңсыз сақтау және алып жүруге қатысты тағы бір әкімшілік іс сотқа жолданды.

    "Сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

    "Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деп атап өтті ведомство.

    Астанада мас күйде көлік ішінен оқ атқан ер адам ұсталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.